19 жастағы қыз жігітін «алып қашты» деп айыптап, 5 млн теңге талап еткен

19 жастағы қыз жігітін «алып қашты» деп айыптап, 5 млн теңге талап еткен
Коллаж: видеодан кадр

Тұрмысқа шығуға өзі келісім берген 19 жастағы бойжеткен кейін жігіттің үстінен «алып қашты» деген шағым түсірген. Артынша істі ушықтырмау үшін одан 5 миллион теңге талап етілгені айтылды, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желіде тараған жазбаларға қарағанда, қызды алып қашу туралы ұсынысты бойжеткеннің өзі айтқан. Оқиға кезінде оның қарсылық білдірмегені де видеолардан байқалады.

Сонымен қатар қыздың полицияға өз еркімен барғаны және қолхат жазғаны түсірілген видео тараған. Алайда араға екі күн салып, ол жігіттің үстінен арыз берген.

Қазір 5 миллион теңгені беруден бас тартқан жігіт пен оның досы қамауға алынғаны хабарланып отыр. Оқиға туралы жігіттің туысы әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшіліктен көмек сұраған.