17 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін пакетке орап, иен далаға тастап кеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Өз түсініктемесінде ол ата-анасы мен жігітінің қолдауынан айырылғанын айтып, басқа амалы болмағанын жеткізген.
Сәбидің әлсіз жылаған дауысын сол маңда қоқыс жинап жүрген әйел естіп қалып, бірден көмек шақырған. Дәрігерлердің айтуынша, нәресте аман қалғанымен, жағдайы ауыр екен.
Бұл оқиға Венесуэлада болған.