Құрылтай отырысында «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуін заңмен шектеуді ұсынды, деп хабарлайды ult.kz.
Депутат бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында айтты.
Оның сөзінше, әлеуметтік желіні шамадан тыс пайдалану балалардың оқуына, кітап оқуына, спортпен айналысуына және отбасымен қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін.
«Сондықтан 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеу, жеке деректерінің қауіпсіздігін күшейту және мектептерде цифрлық гигиена мен медиасауатты жүйелі түрде оқытуды ұсынамыз», – деді Жанарбек Әшімжан.
Сонымен қатар депутат заң қабылдаумен шектелмей, әлеуметтік желілерде қолданушының жасын анықтау, балалардың жеке деректерін қорғау және жалған аккаунттар арқылы шектеуді айналып өтуге жол бермеу тетіктерін қарастыруды ұсынды.