16 тамызда ауа райы қандай болады?

16 тамызда ауа райы қандай болады?
Фото: freepik

Жексенбі, 16 тамызда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ult.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. 

Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашын елдің батысы мен Қызылорда облысын қоспағанда, басым бөлігінде күтіледі. Түнде және таңертең батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде тұман түсуі ықтимал. 

Сонымен қатар бірқатар облыста найзағай кезінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуімүмкін. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы жоғары болып, кей жерлерде аптап ыстық сақталады.

Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Алматы облысының кей аумақтарында да өткінші жаңбыр мен жел күтіледі.

Шымкент пен Түркістан облысында ауа температурасы жоғары болады. Шымкентте тамыздың екінші онкүндігінде күндізгі температураның біртіндеп төмендеуі күтілгенімен, ыстық ауа райы әлі де сақталады. 

Синоптиктер тұрғындарға найзағай мен қатты жел кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, ал аптап ыстық болатын өңірлерде күн астында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.