Freedom Inside '26

15 жылға сотталған қазақстандық әйел тоғыз жыл бойы жасырынып, Қырғызстаннан экстрадицияланды

15 жылға сотталған қазақстандық әйел тоғыз жыл бойы жасырынып, Қырғызстаннан экстрадицияланды
Видеодан скриншот

Ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан елге экстрадицияланды. Ол бірнеше жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген, деп хабарлайды ult.kz.

2010 жылы Жамбыл облысының соты әйелді мүлкін тәркілей отырып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Тергеу мәліметінше, ол сату мақсатында бір келіден астам гашишті Қазақстан шекарасы арқылы заңсыз өткізген.

Алайда баласының жасына байланысты сот үкімінің орындалуы оның 14 жасқа толуына дейін кейінге шегерілген. Кейін әйел шартты түрде босатылғанымен, 2017 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

2026 жылдың наурыз айында қашқын Бішкек қаласында ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір әйел тергеу изоляторына қамалды. Ол 16 жыл бұрын тағайындалған жазасын өтеуі тиіс.