13 қазанға арналған ауа райы болжамы

13 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазгидрометтің болжамынша, 13 қазанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C. Жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с. Алматыда түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C. Жауын-шашын болмайды, жел 3–8 м/с. Шымкентте түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C, жел екпіні 15–20 м/с. 

Ақмола облысында түнде 0…+5°C, кей жерлерде −3°C, күндіз +13…+18°C. Жауын-шашынсыз, тұман күтіледі, жел 9–14 м/с. Ақтөбе облысында түнде +3…+8°C, оңтүстігінде +11°C, солтүстігінде −1°C, күндіз +20…+25°C. Солтүстігінде тұман түседі, жел 7–12 м/с. 

Алматы облысында түнде +8…+13°C, күндіз +19…+24°C. Оңтүстігінде жаңбыр, тауда жаңбыр мен қар күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с. Атырау облысында түнде +10…+15°C, шығысында +7°C, күндіз +22…+27°C. Батысында шаңды дауыл тұрады, жел екпіні 15–20 м/с. Батыс Қазақстан облысында түнде +8…+13°C, күндіз +22…+27°C. Батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, жел екпіні 15–20 м/с. 

Жамбыл облысында түнде +7…+12°C, күндіз +18…+23°C. Тауда түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, жел екпіні 15–20 м/с. Жетісу облысында түнде +6…+11°C, күндіз +18…+23°C. Тауда жаңбыр, қар және тұман күтіледі. Алакөл маңында жел екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. 

Қарағанды облысында түнде 0…+5°C, оңтүстігінде +10°C, шығысында −3°C; күндіз +11…+16°C, оңтүстігінде +20°C. Жауын-шашынсыз, тұман күтіледі, жел 9–14 м/с. Қостанай облысында түнде +1…+6°C, кей жерлерде −2°C, күндіз +15…+20°C, оңтүстігінде +23°C. Жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел 9–14 м/с. 

Қызылорда облысында түнде +6…+11°C, күндіз +22…+27°C. Жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Маңғыстау облысында түнде +12…+17°C, күндіз +23…+28°C, солтүстік-батысында +20°C. Жауын-шашын болмайды, жел екпіні 23 м/с-қа жетеді.