Светқали Нұржанның "Дара жолы" (Видео)

Светқали Нұржанның "Дара жолы" (Видео)

Қазақ поэзиясының есiгiн ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ашқан ақын Светқали Нұржанов - өзiнiң сөз өнерiндегi өзгеше сыр-сипатымен, ерекше ой-толғамдарымен әдебиетiмiздiң, оның ішінде өлең өлкесінің тарихында қалатын талант иесi екені сөзсіз. Ол да - жыр айдынындағы барлық қалам иелері сияқты өзiнен бұрынғы ақындардың дәстүрiн жалғастырып, оны тың ізденістермен, жаңашыл ойлармен байытып, сол арқылы өзiне ғана тән өрнек тауып, стилiн қалыптастырған шайыр. Әдебиетке өткен ғасырдың 80-ші жылдары келген ақындар арасында қаламын көсiле сiлтеп, өнiмдi еңбектенiп, өр поэзия тудырған да - осы Светқали Нұржанов болды.

Ендеше, "Ұлт порталы" сізге болмыс-бітімі бөлек адуынды ақынның "Дара жол" бағдарламасындағы сыр-сұхбатын ұсынады.

kaztrk.kz