Ислам Кәрімовтің дүниеден озғаны хабарланды

Ислам Кәрімовтің дүниеден озғаны хабарланды

"Фергана.ру" агенттігінің хабарлауынша, кеше Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Ислам Каримов 79 жасқа ауған шағында өмірден озды. Ол жергілікті уақыт бойынша сағат 15-16.00 аралығында көз жұмған деп жазылады. 

Алайда ресми бұл ақпаратты билік өкілдері де, құзіретті органдар да растамай отыр. "РИА Новости"-дің президент аппаратындағы арнайы өкілі де хабарды жоққа шығарды. "Каримов өлімі жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Президент жансақтау бөлімінде. Жағдай әлі бірқалыпты", - дейді ол. 

Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын басшының кенже қызы фэйсбуктегі парақшасында жазбаша үндеу жариялаған болатын.

Өз сөзінде ол: "Қате түсініктер болып қалмауы үшін осында, өз парақшамда өткен демалыс күндері әкеме қатысты болған қайғылы оқиғаны айтып бергім келеді. Сенбі күні оның миына қан кеткендіктен, аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта оның алдағы жағдайына қатысты қандай да бір болжам айту қиын. Адамдарға өтінішімді айтқым келеді, түрлі қауесеттерге сенбей, жанұяның жеке кеңістігіне қол сұқпауларыңызды сұраймын. Ниет етіп, әкеме дұға-тілектер айтқандарға алғысым шексіз", - дейді.

Ұлт порталы