Әзімбай Ғали. Бізге қазақ инфрақұрылымы бар қала керек

Әзімбай Ғали. Бізге қазақ инфрақұрылымы бар қала керек

Келесі жылдың басында Қазақстандағы қазақтың саны 12 млнға жетеді. Қазақ ешқашан 6 млнға жетпеген, тек қырғызбен қазақты бірге санағанда және қосып санағанда біз 6 млнға 1897 жылғы санақ бойынша жақындап едік.

Өкінішке орай, қазақтың саны 20 ғасырдың басында азая бастады. Отаршылдық саясат күшейді, Ресейдің Бірінші дүниежүзілік соғысына сәтсіз қатысуы, Ресейдегі экономикалық дағдарыстың күшейуі, қазақ жерін жаппай орыс көшіп келушілеріне үлестіруі - Столыпин саясаты, 1916 жылғы қазақтың отаршылдыққа қарсы көтерілісі қазақтың санының азаюына әкелді. Бұл саясат нәтижесі Ресей переселенц тұрғындарының өсуіне әкелді. 1928-1934 жылдары қазақтың саны тағы да екі еседей азайды.

Екініші дүние жүзілік соғысы қазақтың санын тағы да азайтты: репродуктивті жаста қазақ әйелдері саны көпсін және еркектің саны кемсін болды, соған қарамастан қазақта өте биік деңгейде балалар санын өскенін көреміз. Антибиотиктерді пайдалану әсері нәресте мен балалар санының шетінеуінің төмендеуіне әкелді - қазақ пен шешен балалар өсімі көрсеткішінен дүниежүзілік рекорд берді. Бұл үрдіс 1958-1962 жылдардағы «демографиялық жарылыс» деп аталды.

Одан жиырма бес жылдан кейін «демографиялық жарылыстың» «бірінші жаңғырығы»болды, яғни жас ата-аналардың «бірінші толқыны» келді. Тағы жиырма бес жыдан кейін «екініші жаңғырық», «екінші жас ата-аналар толқыны» келді. 1958-1962 жылдардағы «демографиялық жарылыстың» бірінші толқыны екінші толқыннан бәсең болды, ал үшінші толқын бірінші және екінші толқыннан төмен еді. Қалай болса да, қазақ саны 12 млнға жетті.

Марқұм Мақаш Тәтімов "бәрін демография шешеді деп" айтушы еді. Сол дұрыс екен. Бірақ нақтырақ айтсақ бәрін қала тұрғындар саны шешеді, бәрін ұлт санасы шешеді деуге болады. Бүгінгі күні бізге 56%-ақ қазақ қала тұрғыны емес, 66% қала тұрғыны керек. Бізге қазақ инфрақұрылымы бар қала керек - қазақ мектебі, қазақ балалар бақшасы, қазақша сөйлейтін билік аппараты керек. Саяси элита қазақшыл болу керек еді, өкінішке орай, жағдай олай емес. 

Тез өскен халық құтыршық келеді. Шешендер тез өсіп Ресеймен екі мәрте соғысып шықты. Тез өскен қазақ барлық пассионарлық қуатын қалаға көшу және бизнес пен білім алуға жұмсады. Қазақтың мінез-құлқы тез өскеннен пәлендей өзгермеді - біз сабырлы, көнбіс, төзімділік көрсетіп келеміз. 1992-1995 жылдардағы реформалар «шоковая терапия» әдісімен жасалған: орыс тұрғындар сол жылдары Қазақстаннан лап етті - тек 1994 жылы 408 мың орыс көшіп кеткен. Қазақ Ресейге көшкен қала мен ауыл орыстарының орнын басты. Қазақтың элитасы тіпті мемлекеттік тілді күшейтуді пәлендей талап етпеді, ал қазақтың орыс тілді оппозициясы керісінше орыс тілінің статусын күшейтуді талап еткен. Қалай болса да орыс үлесі 20%-ке төмендей бара жетті. Құдай қазаққа тағы да тыныштық уақыт мерзімін бермекші: ата жау қалмақтың орнын басқан - орыс-Ресей кезекті экономикалық, саяси дағдарыс-ұйыққа батқандай кетіп барады. Олай болса, тағы да он-он бес жылдай тыныштық бермек. Сол уақыт мерзімінде біз оралмандарды жинап, түркі тілдесті сіңіріп тынып отыруымыз керек, орыс отандастар өз ата мекеніне кетіп тауысылатын сияқты.

Екіншіден, Ресейде революция - үлкен төңкеріс болмақ, ал біз де сол тұста тиісті демократиялық режим орнатуымыз керек. Келесі сын не Қытай, не Өзбекстан. Қазақ өз тарихында өзбекпен соғысып өткен. Бізге адекватты саяси жүйе керек. Сонда біз кез келген қауіпке төземіз. 21 ғасырдың екінші жартысынан бастап мемлекеттер бір бірін жаулап алуды қояды, енді экономикалық және руханият - тіл мен мен мәдениет, нәсихат пен діни уағыз арқылы бағындыру күн тәртібіне кіреді.

Әзімбай Ғалидің жазбасынан