Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды

Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды

Бүгін Алматыдағы Есентай өзенінде, Тимириязев көшесінің төменгі жағында белгісіз адамның мүрдесі табылған болатын. Көп ұзамай ол Сафар Шәкеевтің мүрдесі екендігі анықталды. Бұл туралы жаңа ғана Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Мәйіт шамамен 11.00-де табылған. Денені сүңгуірлер алып шықты. Оның айтуынша, қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері, құтқарушылар, дәрігерлер жұмыс істеуде. Суға батып кеткен адамның аты-жөні анықталып жатыр.


© Владимир Прокопенко


© Елнұр Жүнісов

Полициядағылардың айтуынша, іздестіру жұмыстары әл-Фараби даңғылының маңында ғана емес, қала бойында жүргізілген. Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы «Казкоммерцбанк» орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. 

Естеріңізге сала кетелік, 1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны жайлы арыз 16 шілде күні кешке 22:0-де Медеу аудандық Ішкі істер басқармасына келіп түскен еді. Содан бері белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеевті іздеу шарасына 170-тен астам адам қатысты. 

cуреттер: kaz.tengrinews.kz