Freedom Inside '26

1200-ден астам заңсыз қару тәркіленді: олардың 120-сы Қаңтар оқиғасынан қалған

1200-ден астам заңсыз қару тәркіленді: олардың 120-сы Қаңтар оқиғасынан қалған
ҰҚК

Қазақстанда жыл басынан бері жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1200-ден астам қару тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Ведомство мәліметінше, бес ай ішінде өткізілген «Қару» және «Құқықтық тәртіп» іс-шаралары нәтижесінде 18 автомат, екі гранатаатқыш, 320-дан астам тапанша, 100-ден астам ойық ұңғылы қару және 700 тегіс ұңғылы мылтық анықталған.

Тәркіленген қарулардың арасында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару да бар.

Мамыр айында Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелмеген бірнеше қару тәркіленіп, олардың бір бөлігі Қаңтар оқиғасы кезінде қару дүкендерінен ұрланғаны анықталған.

Сонымен қатар 20 сәуірден бастап елімізде заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру акциясы жалғасуда. Қазіргі таңда азаматтар шамамен 750 түрлі қару мен 4 мыңға жуық оқ-дәріні өз еркімен тапсырған.

Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қару-жарақты өз еркімен өткізген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.