Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша Грузия астанасы Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген 39 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Тергеу дерегінше, ер адам Атыраудағы автосалондардың бірінде менеджер болып жұмыс істеп, азаматтарды «көлік алып беремін» деген уәдемен алдап келген. Ол клиенттерден тікелей ақша алып, міндеттемесін орындамаған.
2022 жылдың тамызында ол екі автокөлік үшін сатып алушыдан 37 миллион теңге алған. Кейін 2023 жылдың ақпанында дәл осындай тәсілмен тағы екі азаматты 81 миллион теңгеге алдаған. Жалпы келтірілген шығын 118 миллион теңгеге жеткен.
Бұған дейін Астанада Land Cruiser сатып алмақ болған тұрғын 20 миллион теңгесінен айырылғаны хабарланған еді.