28 нау, 2019 сағат 08:31

Жалағаштағы тікұшақ апаты: Қаза тапқандардың есімдері жарияланды

ҚР Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысы аумағында құлаған МИ-8 тікұшағының экипаж мүшелерінің есімдерін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әскери көлік Ақтау гарнизонының №30153 авиациялық бөлімшесіне тиесілі болатын.

Роман Костыгов - майор 26.04.1985

Тимур Құдайбердиев - майор 17.09.1985

Аслан Айтбаев - лейтенант 10.11.1994

Данияр Қоңырбай - майор 10.11.1985

Сабыр Тоқбаев - майор 15.12.1977

Сырым Мәсәлім - капитан 11.12. 1989

Қайрат Нұрсапанов - 3-сыныпты сержант 08.10.1973

Мұрат Шәріпов - аға сержант 04.01.1979

Асхат Абдулманат - кіші сержант 21.09.1982

Айдын Әбділдинов - ефрейтор 11.12.1978

Қуаныш Сартықбаев - ефрейтор 08.09.1986

Өмірхан Каукаев - ефрейтор 21.08.1990

Мирас Жұматаев - ефрейтор 10.02.1991

Жергілікті Lada.kz интернет басылымының жазуынша, тікұшақ Ақтаудан жергілікті уақыт бойынша 09.03-те ұшып шығып, Бейнеуге барған, сол жерден 12.36-да Крайний әуежайына аттанады. Ал 17.50-де МИ-8 Шымкентке бағыт алған, 18.30-да Жалағаш елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай он бес километр жерде тікұшақпен байланыс үзілген.

20:00 кезінде оқиға орнына тікұшақ ұшып келді, жақын жердегі 56597 әскери бөлімшеден 30 адам аттанды, деп хабарлайды басылым авиациялық әскери бөлімшеге сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 27 наурызда "Алтын жебе" атты арнаулы бөлімдердің оқу-жаттығуы аясында Ақтаудан Шымкентке аттанған тікұшақ Қызылорда облысында кеш құрым, ауа райы қолайсыз шақта апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиғаны тергеуді Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері қолға алды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.