Коронавирус жұқтырған шымкенттікпен бір автобуста болған 16 жолаушы іздестірілуде. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Коронавируспен ауырған адам болған автобус анықталды. 51 жолаушының 35-і табылды. Олар карантинге жатқызылды. 16-сы қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр. Таяу уақытта табылып, карантинге жатқызылады», - деді Дәурен Абаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен барған жігіттің коронавирус жұқтырғанын, ал бүгін Шымкентте тағы бір адамнан вирус табылғанын жазған болатынбыз.