25 млрд теңге жинаған Asar Baspana ұйымдастырушысы 8 жылға сотталды

25 млрд теңге жинаған Asar Baspana ұйымдастырушысы 8 жылға сотталды
ашық дереккөз

Алматыда Asar Baspana қаржы пирамидасы ісі бойынша сот үкімі шықты. Ұйымдастырушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Сот материалдарына сәйкес, 2023 жылы Т. есімді азамат азаматтарға баспана мен автокөлік алуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды ұсынып, ақша тарту схемасын құрған. Қазақстанның түрлі қалаларында кеңселер ашылып, жаңа салымшылар тартылған.

Тергеу дерегінше, схема арқылы азаматтардан 25,4 млрд теңгеден астам қаражат жиналған. Ақша қатысушылар алдындағы міндеттемелерді орындауға арналған кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмаған.

Іс бойынша тағы үш адам 7 жылға бас бостандығынан айырылып, бірқатар сотталушыға шартты жаза тағайындалды. Кейбірінің мүлкі тәркіленіп, оны жәбірленушілердің шығынын өтеуге бағыттау туралы шешім қабылданды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.