14 қар, 2022 сағат 17:35

ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті


ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілгенін хабарлады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"21 қазанда ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекарадан өтуге шектеуі бар адамдардың Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі бойынша қылмыстық топтың белсенді қатысушысы болып табылатын шетелдік азамат заңға қайшы қызметі үшін 700 000 (жеті жүз мың) теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу барысында ұсталды.

Шетелдік азаматқа және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қамауға алынды" - делінген комитет хабарламасында.