07 мау, 2021 сағат 15:31

Түркістан полициясы 3 күн бұрын жоғалған жасөспірімді іздестіруге көмек сұрады


Түркістан облысында жасөспірім қыз 3 күннен бері іздестірілуде. Өңірдің Полиция департаменті іздестіру жұмыстарына көмек көрсетуді сұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

4 маусым күні Жетісай ауданының жергілікті тұрғыны Жетісай аудандық полиция бөліміне жүгінген. Ол 14 жастағы қызы 4 маусым күні түскі уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Аталған жайт Жетісай АПБ-де бірден тіркеуге алынған. 

Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары жасөспірім қызды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. 

Сонымен қатар Жетісай ауданы әкімшілігінің қызметкерлерімен бірге мобильді топ құрылып, іздестіру жұмыстары жан-жақты іске асырылуда.

«Осы тұста барлық тұрғындар мен қонақтардан жоғалған қызды табуға көмектесулерін сұраймыз», - деді Полиция департаментінен. 

Белгілері: үстінде ақ түсті футболка, қара джинсы шалбар және аяғында қара түсті аяқ киімі болған. Өзімен бірге қара түсті «Самсунг Дж-2» маркалы ұялы телефоны бар. 

Қандай да бір мәліметке ие азаматтар Жетісай АПБ-ның кезекшілік нөміріне: 8 7253467020 немесе полицияның 102 телефон нөміріне хабарласа алады.