07 қаз, 2022 сағат 14:40

Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады


Қазақстан Президенті Санкт-Петербургте өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 қазанда Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуі өтеді. Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі мұны келесі аптада өтетін ТМД саммитіне дайындық аясындағы өте маңызды оқиға деп атаған болатын.

ТМД елдері басшыларының соңғы бейресми кездесуі 2021 жылдың 28 желтоқсанында Санкт-Петербургте өтті.