29 нау, 2020 сағат 08:01

Тоқаев дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті туралы айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады», деп жазды Президент twitter парақшасында.