Қазақстан Президенті болған Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын. Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсыныстар бұрын, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында да парламентерийлермен, Парламент депуттарымен айтылған болатын. Бұдан бөлек, біздің елордада Тұңғыш Президенттің құрметіне монумент орнатуды ұсынамын. Барлық облыстық қалалардың басты көшелерін - Нұрсұлтан Назарбаев деп атау дұрыс деп деп есептеймін. Елбасыға біздің мемлекеттің ең жоғарғы атақтарына лайықты. «Халық қаһарманы», «Еңбек ері» атағын беруді ұсынамын. Сенаттың бұрынғы төрағасы ретінде Елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беру керек деп есептеймін. Тұңғыш Президент түсірілген барлық суреттер мен фотолар жариялы нысандардың, мемлекеттік қызметшілер кабинеттерінің, оқу орындары ғимараттарының міндетті атрибуты ретінде қалады. Сонымен бірге, Елбасының бүкіл өмір жолы Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы туралы заңға және өзге де заңнамалық құжаттарға сәйкес қамтамасыз етілетін болады. Елбасының атында барлық қызметтік инфрақұрылымдар қалады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетсек, кеше Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика халқына арнаған үндеуінде президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген еді. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасына беріледі. Осылайша Қазақстан Президенті міндетін уақытша атқару сенаттың қазіргі төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді.
Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі мен "Нұр Отан" партиясының басшысы болып қала береді.