28 қаз, 2024 сағат 17:07

Саран әкімі жылыту маусымына нашар дайындалғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Фото: Orda.kz

Саран қаласының әкімі Еркін Баулыков пен Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тлектес Досаев жылыту маусымына дайындықты жеткілікті бақыламағаны үшін қатаң сөгіс алды. Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту берілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жиында қысқы уақытта тұрақты жылумен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, жұмыс үнемі бақылауда болу керектігін және әрбір ақау бойынша қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

Еркін Баулыков Сарандағы қазандықтардың штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын, отын қоры бар екенін және қала тұрғындарынан келіп түскен сұрақтардың шұғыл шешілетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Саран қаласындағы жағдайға қатысты үкімет отырысында қатты сын айтқанын жазғанбыз.