Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ult.kz.
Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстанның Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне кірісті.
Ал Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Кадрлық шешімдер Мемлекет басшысының тиісті жарлықтарымен рәсімделді.