Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға жіберілген саяси партиялар белгілі болды, деп хабарлайды ult.kz.
ОСК мүшелері тиісті қаулылар қабылдап, мына саяси партиялар мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға жіберілді: «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Әділет» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан Халық партиясы және «Respublica» партиясы.
Сонымен қатар Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясына «Amanat» партиясынан Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатыспайтындығы туралы ресми хат келіп түскенін хабарлады.