18 қыр, 2021 сағат 12:46

Алматы метросындағы екі бекеттің атауы өзгертілуі мүмкін


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәслихатқа Алматы метросының бекеттері атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағынтаев Facebook-парақшасында Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешу туралы ұсыныс енгізгенін жазды.

"Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі бекеттің атауын өзгертуге қатысты", - деп жазды әкім.

"Достық" бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылған. Болашақта "Западный" автовокзалы аталуы мүмкін бекетке "Қарасай" атауы ұсынылмақ.

"Достық" бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның іске қосылуы 2021 жылдың аяғына жоспарланған. "Западный" автовокзалы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.