Қазақстандық теннисші, Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина өзін «Ресейдің дайын өнімі» дегендерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанға ауысқанда мен юниор болдым. Юниорды дайын өнім деп айтуға болмайды. Оның үстіне юниордан кәсіби деңгейге өту өте қиын. Ол үшін жақсы команда болу керек. Кәсіби спортқа көшіп, одан әрі сәтті жалғастыру екінің бірінің қолынан келмейді. Санаулы адам ғана шыңға шыға алады. Бұл тұрғыда маған сәті түсті. Сондықтан дайын өнім дегенмен келіспеймін», - деді Рыбакина елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, тілшілер спортшыдан болашақта Ресейге қайта оралуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді.
«Қазір айта алмаймын. Биыл Ресейде ешқандай турнир жоспарланып жатқан жоқ. Мен Ресейдің атынан ойнаймын ба оны жағдай көрсетеді. Яғни бәрі жоспарға байланысты. Дәл қазір иә, жоқ деп айта алмаймын», - дейді ол.