Астана қаласында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мырсатаев аргентиналық Андреас Матиас Афранлиді жеңді.
Жекпе-жек төрт раундқа созылды. Жерлесіміз қарсыласын соққының астына алып, бірнеше мәрте нокдаунға түсірді.
Осылайша, 32 жастағы қазақ боксшысы төртінші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады.
Айта кетсек, бұған дейін алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.
Екінші кездесуде Димаш Ниязов бразилиялық Эдуардо Перейраны ұпай санымен жеңді.
Үшінші жекпе-жекте Айдос Ербосынұлы аргентиналық Джонатан Барбадилоны нокаутпен жеңді.
Төртінші кездесуде Әли Ахметов америкалық Томас Джастинді теxникалық нокаутпен жеңді.
Одан кейінгі кездесуде Нұрсұлтан Жаңабаев бразилиялық Алекс Дуартені де нокаутпен жеңді.