Астана қаласында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой Айдос Ербосынұлы аргентиналық Джонатан Барбадилоны нокаутпен жеңді.
25 жастағы жерлесіміз жекпе-жекті екі минуттан асырмады. Қазақ боксшысының ауыр соққыларынан есеңіреген Джонатан Барбадило кездесуді жалғастыра алмады.
Осылайша, Айдос Ербосынұлы кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Айта кетсек, бұған дейін алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңген болатын. Екінші кездесуде Димаш Ниязов бразилиялық Эдуардо Перейраны ұпай санымен жеңді.