Астана қаласында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов бразилиялық Эдуардо Перейраны жеңді.
Нью-Йорктың үздік полицейі, Шымкенттің тумасы Димаш Ниязов 12-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
Салмақ өлшеу рәсімінде қос боксшы төбелесіп қала жаздаған еді. Көз арбасу сәтінде Эдуардо Перейра оқыс мінез көрсетіп, қарсыласына тап берген-ді.
Осылайша, 28 жастағы жерлесіміз бразилиялық боксшыны ұпай санымен жеңіп, туған елдегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Айта кетсек, бұған дейін алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.