09 қыр, 2017 сағат 18:00

Әли Ахметов америкалық боксшыны теxникалық нокаутпен жеңді

Астана қаласында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахметов америкалық Томас Джастинді теxникалық нокаутпен жеңді.

22 жастағы жерлесіміз барлық раундта бірінші номермен жұдырықтасып, айқын басымдылық танытты.

Осылайша, қазақ боксшысы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетсек, бұған дейін алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

Екінші кездесуде Димаш Ниязов бразилиялық Эдуардо Перейраны ұпай санымен жеңді.

Үшінші жекпе-жекте Айдос Ербосынұлы аргентиналық Джонатан Барбадилоны нокаутпен жеңді.