Білім және ғылым министрлігі "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын" QazVac вакцинасын және "Розеофунгин-АС" зеңге қарсы жақпамай әзірлегендерге беру туралы" Қазақстан президентінің жарлығы жобасын дайындады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы сыйақы екі ұжымға - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" және Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" қызметкерлеріне беріледі.
"Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға қарастырылған қаражат шеңберінде ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының ақшалай сыйақы сомасы 37 200 000 теңгені құрайды. Екі ұжым 18 600 000 теңгеден сыйақы алады", - деп түсіндірді министрлікте.
"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" қызметкерлері биопрепараттың жеті түрін әзірлейді. Оның ішінде алғашқы түпнұсқалық және толық отындық препарат "Розеофунгин-АС" та бар. Бұл жақпамай зең және вирусқа қарсы күресуге арналған. Препарат отандық продуцент негізінде әзірленген.
Сыйақы мына азаматтарға беріледі:
- "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Аманкелді Садановқа;
- "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Ася Балғымбаеваға;
- "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вирусология бөлімінің жетекшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Владимир Березинге;
- "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Ілияс Құлмағамбетовке;
- "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Людмила Треножниковаға;
- "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының биология және биотехнология факультетінің доценті міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Ұлтанбековаға берілді.
"Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" қызметкерлері халықты вакциналау кезінде белсенді қолданылып жатқан коронавирусқа қарсы QazVac отандық вакцинасын әзірледі.
Осы орайда сыйақы мына қызметкерлерге беріледі деп жоспарлануда:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты"шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Ресей Федерациясының биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі Күнсұлу Закарьяға;
- ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, Қырғыз Республикасының ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ерғали Әбдірайымовқа;
- ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Мархабат Қасеновке;
- ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Лесбек Құтымбетовке;
- ҒЗИ зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Мұхит Орынбаевқа;
- ҒЗИ зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Күләйсан Сұлтанқұловаға;
- ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Хайруллинге.