Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын", - делінген Президент Қаулысында.
Тоқаев Қазақстан Үкіметіне осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.