provided by a Yonhap reade
Оңтүстік Кореяда Boeing 737-800 ұшағы Jeju Air әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан 179 адам қаза болды.
Ұшақ Бангкоктан (Таиланд) Оңтүстік Кореяға ұшып келген. Сеулдің оңтүстік-батысындағы Муан әуежайына қонбақ болған кезде әуе кемесі ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Ұшақ бортында 175 жолаушы және экипаждың алты мүшесі болған деп жазды Yonhap агенттігі. Өрт сөндірушілер екі адамды ғана құтқара алған: бір жолаушы және экипаж мүшесі.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құстарға соғылып бағытынан ауытқып кеткен болуы мүмкін. Мамандар ауа райының да әсерін зерттеп жатыр. Тергеу басталған.
Ал Қазақстан Республикасы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров "алдын ала мәліметтер бойынша ұшақ бортында қазақстандықтар болған жоқ" деп мәлімдеді.
"Жергілікті биліктің алдын ала деректері бойынша Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында Қазақстан азаматтары болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.