Балалар тауып алған зат жарылып, төрт адам қаза тапты

Балалар тауып алған зат жарылып, төрт адам қаза тапты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Филиппиннің Исабела провинциясында жарылыстан төрт адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан, деп хабарлайды ult.kz.

Тағы төрт бала жараланған. Оқиға 2026 жылғы 4 қазанда болған, 

Жергілікті полицияның мәліметінше, балалар ойнап жүріп, жол жиегіндегі арықтан белгісіз зат тауып алған. Куәгердің айтуынша, сегіз жасар бала оны тасқа ұрған кезде жарылыс болған. Қаза тапқандардың арасында сол жерден өтіп бара жатқан 85 жастағы адам да бар. 

Полиция табылған заттың мылтықтан атылатын граната болуы мүмкін екенін тексеріп жатыр. Жарылғыш заттың ол жерге қалай түскені анықталуда.