2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов медалінен айырылуына және ұзақ мерзімді дисквалификацияға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін ол медалінен айырылып, спорттан шеттетілгені хабарланған еді. Спортшы өз сөзінде оның дәлелдері қабылданбағанын мойындады.
"Достар, Наурыз мейрамында CAS допингке қарсы департаментінің шешімі көңіліме қаяу салды.
Арбитрдің дәлелдерімді былтыр тамызда өткен тыңдау барысында қабылдамағаны өте өкінішті", - деп жазды ауыр атлет Instagram-парақшасында.
Рахимовтың айтуынша, бұл шешімге шағымдануға ниет білдіріп отыр.