Фото: Reuters
Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен 1000-нан астам адам қаза тапты. BBC хабарлауынша, елдің әскери билігі қаза тапқандар саны 1002-ге жеткенін, ал зардап шеккендер саны 2376-ға жеткенін мәлімдеді.
Құтқарушылар үйінділерді тазарту барысында құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін айтады. Қытай, Үндістан және Ресей Мьянмаға медициналық көмек пен құтқару топтарын жөнелтті.
28 наурыз, жұма күні, жергілікті уақыт бойынша түстен кейін күші 7,7 және 6,4 балдық екі жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің толқыны Қытай мен Таиландта да сезіліп, Бангкокта аяқталмаған ғимарат құлап, ондаған адам қирандылар астында қалған болуы мүмкін деген болжам жасалды.
Бұған дейін Мьянмада төтенше жағдай жарияланған болатын. Еуропалық Одақ зардап шеккендерге көмек ретінде 2,5 миллион еуро бөлді.