Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен Матильда ханшайымды Астана әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды ult.kz.
"Корольдік жұп мінген әуе кемесі Қазақстан шекарасын кесіп өткен сәттен бастап елорда әуежайына дейін Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтарының сүйемелдеуімен ұшты.
Әуе кемесі қонған алаңда қарсы алу рәсімі аясында құрмет қарауылының ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді", - делінген хабарламада.