Аргентинада 41 жастағы автомеханик Альберто Федерико Араос Аресенаның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Оның денесі өз үйінен табылған. Марқұмның денесінде кемінде 20 пышақ жарақаты болған, басына пакет кигізілген, деп хабарлайды ult.kz.
Clarín басылымының мәліметінше, оқиға Морено муниципалитетіне қарасты Ла-Реха қаласында болған. Полиция марқұмның әйелі Элизабет Кастельяно мен 23 жастағы қызы Флоренсиядан жауап алған. Кейін екі әйел де күдікті ретінде ұсталды.
Әйелдердің айтуынша, ер адам ұзақ уақыт бойы оларға физикалық күш көрсетіп, психологиялық қысым жасаған. Оқиға болған күні отбасында жанжал туындаған. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, әйелдердің бірі ер адамның мойнына пышақ сұғып, екіншісі басына пакет кигізген. Марқұмның өліміне кеңірдегінің зақымдануы себеп болған деген болжам бар.
Күдіктілер прокурорға жауап беруден бас тартқан. Қазір тергеушілер отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты деректерді де тексеріп жатыр. Полиция мен сот базаларында марқұмға қатысты бұрын арыз тіркелмеген. Алайда басқа бір басылымның хабарлауынша, екі әйелдің денесінен әртүрлі уақытта пайда болған болуы мүмкін көгерген іздер анықталған.
Көршілердің сөзінше, отбасылық үйден жиі айқай-шу естілетін.