Фото: Сали Сабиров
Гимнаст Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған соң, оны қалай қарсы алғандары жайлы сұхбат берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Naizanews парақшасына сілтеме жасап.
Журналистің «Сізді Қазақстанда қалай қарсы алды? Елдос Сметовке көлік пен пәтер сыйлап жатқанын көрдік. Өзіңізді назардан тыс қалдым деп ойламайсыз ба?» деген сұрағына Құрбанов:
«Мен ешқашан суперчемпион секілді қарсы алады деп күтпедім. Біздің елде күрес, бокс, дзюдо алдыңғы қатардағы спорт түрлері, сол себепті ол жаққа көп қаражат бөлінеді. Біз, гимнастшылар – соншалықты бай федерация емеспіз. Спортымыз да керемет танымал емес. Сол себепті көлік тарту етіп, қарсы алады деп үміттенген жоқпын. Бірақ мені халықтың келіп, қарсы алғанына көңілім толады», – деп жауап берді.
Нариман Құрбанов көшесінде асфальт болмағанын айтады.
Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында күміс медаль алып, Қазақстан тарихындағы гимнастикадан алғашқы Олимпиада медалін жеңіп алған еді.