Маңғыстау облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бес адам қаза тапты, оның ішінде жүкті әйел де бар, - деп хабарлайды Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
"Биыл 16 қыркүйекте сағат 1.48-де Lexus LX 470 автокөлігі аударылды. Көлік тізгініндегі 27 жастағы қыз, оқиға орнында қаза болды. Қаза болғандардың екіншісі 1966 жылы туған әйел, үшіншісі Жаңаөзен қаласының 31 жастағы тұрғыны, әйел жүктіліктің 27-ші аптасында болған. Қалғандары 1964 және 1967 жылдары туған екі ер адам. Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлығы тоғыз адам зардап шеккен. Бес ересек адам оқиға орнында қаза болды. Қалған төрт бала түрлі дәрежедегі жарақаттар алған", - делінген хабарламада.
Мәлімет бойынша, 2011, 2012 және 2019 жылдары туылған үш бала жедел жәрдемді күтпестен Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілген.