04 қаң, 2022 сағат 15:30

Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады


Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты. 

Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.

Еске сала кетсек, Президент кеше Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған еді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкімет комиссиясы құрылғанын жария етті

Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарайтын Үкімет комиссиясын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқаратын болды.