Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек» делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жаңаөзен қаласының халқы газ бағасының көтерілуіне орай наразылық білдіруде.