07 сәу, 2020 сағат 22:14

Қызылорда облысында 12 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғаны анықталды

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 12 адамның дертті қайдан жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады 

Науқастардың 11-і Шиелі ауданында тіркелген. Ал 1 жағдай Арал ауданында анықталды. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Соған байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. Зерттеу қорытындысымен олардан COVID-19 диагнозы нақтыланды. 

«Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша аймақта коронавирус инфекциясына шалдыққан 66 адам анықталды. Қызылорда қаласында – 9 жағдай тіркелсе, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35 жағдай, Сырдария ауданында-1, Арал ауданында – 1 жағдай есепке алынған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.