Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Өрт салдарын жою бойынша жедел-штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ, Төтенше жағдайлар министрлік бөлімшелері жұмылдырылды. Темір жол байланысы уақытша тоқтатылды", - деп жазды Президент Twitter-де.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Кейін жақын маңдағы тұрғындардың эвакуацияланғаны анықталды.