26 там, 2021 сағат 22:09

Жамбыл облысында жарылыс болды: оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр (Видео)


Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды. Өртті сөндіруге бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы мен өрт сөндіру командасы жұмылдырылған. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері көмек көрсетуде. Өрт ошағының жою жалғасып жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталу үстінде», - делінген министрлік таратқан ақпаратта. 

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.

Еске салайық, 2009 жылдың наурыз айында Арыс қаласындағы қоймада жарылғыш заттар жанып, утилизацияланған оқ-дәрілер жарылған еді. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды. Қоймадағы жарылыстың себебі - дұрыс сақтамау және жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу.

Видео: Tengrinews