11 қаз, 2024 сағат 14:51

Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртеніп, бес бала қаза болды

Көрнекі сурет: ҚР ТЖМ

Бүгін, 11 қазанда таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан шатыры опырылған. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған Ult.kz хабарлайды.

Оқиға орнына 7 минут ішінде құтқарушылар келіп жеткенше үй толығымен отқа оранған. Өртсөндірушілер тез арада өртті сөндіріп, үйінділерді тазартуға кірісті. Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылғы кәмелетке толмаған балалар болған. Өкінішке қарай үйінділерді тазарту барысында бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген.

Кейінірек төтенше жағдайдың алдын ала себебі айтылды. ҚР Бас прокуратурасының Telegram-дағы хабарламасына сәйкес, өрттің алдын-ала себебі – пешті қараусыз қалдыру.