23 мам, 2021 сағат 14:15

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі


Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 23 мамырда Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған ойын елорда уақытымен 19.05-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Екі құрама бұған дейін аталған турнирде төрт мәрте кездесті. Оның барлығында финляндиялықтар жеңіске жетті. Айта кетерлігі, олар әлем чемпионатында 1995, 2011, 2019 жылдары жеңімпаз атанды.

Биылғы турнирде екі құрама да алғашқы ойындарынан басым түсті. Қазақстан хоккейшілері Латвияны буллитен 3:2 есебімен жеңсе, Финляндия АҚШ құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.