«Қазгидромет» РМК су тасқынына қатысты болжамын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мекеме басшысы Марат Кынатовтың айтуынша, бүгінде бірқатар облыстарда су көлемі артығымен жиналып қалды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында Нұра мен Кеңгір өзендерінде, Ақмола облысында Есіл мен Шағалыда, Солтүстік Қазақсанда Есіл өзенінде, Қостанай облысында Тоғызақ пен Торғайда, Ақтөбе облысында Қосістекте, сондай-ақ, Батыс Қазақстанда Утва, Чижа-2, Дерқұл мен Шаған өзендерінде судың нормасы 120-170 пайызға артық болып тұр.
«Әсіресе, Батыс Қазақстан ерекше бақылауға алынды. Ол жақта судың жиналу көлемі нормадан екі есеге артық, ал өткен екі жылмен салыстырғанда екі-үш есеге көп болып тұр», - деді М.Кынатов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, қазірдің өзінде Қарағанды облысында Самарқанд пен Кеңгір су қоймалары 73-82 пайызға, Солтүстік Қазақстанның Сергеев қоймасы 94 пайызға, ал Шығыс Қазақстандағы Шүлбі қоймасы 89 пайызға толып тұр.
«Сол себепті аталған су қоймаларына құйылатын өзендерде су тасуы қаупі бар», - деп атап көрсетті М.Кынатов.