11 мам, 2021 сағат 13:45

Қазан мектебіндегі атыс: қаза тапқандар бар (Видео)


Белгісіз біреулер Татарстан астанасы Қазан қаласындағы Жаудат Файзи көшесінде орналасқан №175 гимназияда атыс шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға сейсенбі күні, Жаудат Файзи көшесінде орналасқан мектепте сабақ өтіп жатқан кезде болған. Мектептен оқушыларды шұғыл түрде терезеден шығаруға тура келген деп хабарлайды басылымдар. Мектеп сайтындағы ақпаратқа сәйкес, білім мекемесінде мыңнан астам шәкірт оқиды, 57 мұғалім жұмыс істейді.

БАҚ мәліметінше, белгісіз адамдар мектепке қарумен кірген.

Кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны хабарланды. 


Төтенше жағдай орнына 20-дан аса жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

РИА Новости мәліметінше, қауіпсіздік қызметкерлері мектепте оқ атты деген күдіктіні ұстады. Бұл - 19 жастағы жасөспірім. Ал оған көмектескен екінші азаматты арнайы операция кезінде атып тастаған. 


Mash басылымы да бұрын осы мектепте білім алған, кейінгі төрт жыл бойы техникумда оқып жүрген 19 жастағы жас жігіт қылмысқа күдікті ретінде ұсталғанын растап отыр. Ол үйіне бомба қойылғаны туралы полицияға хабарлаған деген ақпарат тарады. 

Соңғы деректер бойынша, атыс салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам зардап шеккен.


Татарстан прокуратурасы оқиға орнына республика прокуроры Илдус Нафиков бара жатқанын хабарлады. Татарстан Президенті де сол жерге аттанған.