Фото: Pexels.com
Бүгін, 18 қарашада, Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар айтарлықтай қымбаттады. Америкалық валюта құны 500 теңге деңгейіне жетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Астанада доллардың сатып алу бағасы орта есеппен 500 теңге, ал сату бағасы 495 теңге шамасында.
Алматыда доллар 497,5–499,5 теңге аралығында сатылып, 494–498 теңгеге сатып алынуда. Шымкентте долларды 498,5–499,5 теңгеге сатып алып, 496–498 теңгеге сатуға болады.
12 қарашада Ұлттық банк АҚШ-тағы президенттік сайлауға байланысты доллар нығайып, дамушы елдердің, соның ішінде теңгенің әлсірегенін хабарлаған болатын.
Доллардың күрт нығаюының негізгі себептерінің бірі — Дональд Трамптың қайта оралуы.
Жуырда Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалға пікір білдірген еді.