23 ақп, 2026 сағат 19:28

Қазақстандық төрешінің айналасындағы дау: Надежда Парецкая кім?


Коллаж: Ult.kz

Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарына қатысты қазақстандықтарда дау туындады.  Мәнерлеп сырғанаудан еліміз  атынан төрелік еткен Надежда Парецкаяның берген бағалары әлеуметтік желілерде күмән туғызып, жанкүйерлердің наразылығына тап болды. Желі қолданушылары оны ресейлік спортшыға жоғары баға қойып, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың ұпайларын түсірді деп кінәлап отыр. 

Парецкая сырғанау кезінде құлап алған ресейлік спортшы Аделия Петросянға 147,04 ұпай беріп бірінші орынға қойған, ал қазақстандық Софья Самоделкинаның ұпайын Надежда Парецкая төмендетіп, жалпы есепте оныншы орынға табан тіреуіне тура келсе, Михаил Шайдоровты қазақстандық төреші 1 балл қойып, жетінші орынға ысырғанын айтып наразылық білдірді. Шайдоровтың бес секіру элементін орындап, тәуекелге баруы сол себепті деп болжайды желі қолданушылары.
Желі қолданушылары Парецкаяны жұмысынан шеттетіп, бұл істі тергеуді талап етіп жатыр. 


threads әлеуметтік желісінен скриншот

Бұған дейін Милан-2026 қысқы Олимпиада ойындарына Надежда Парецкая мәнерлеп сырғанаудан ерлер мен әйелдер арасындағы жеке бағдарлама бойынша төреші болып тағайындалғаны желіде хабарлаған.

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпаратқа байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеме жасады.

"Олимпиада ойындарына төрешілерді тағайындау Қазақстан ҰОК-ның құзыретіне кірмейді. Бұл функциялар толық көлемде халықаралық спорт федерацияларының міндетінде. Мәнерлеп сырғанау спортында бұл жауапкершілік Халықаралық сырғанау одағына (ISU) жүктелген, ол Олимпиада ойындарында жұмыс істеуге рұқсат етілген мамандар құрамын өздігінен анықтайды", - делінген хабарламада.


Сонымен қатар ҰОК жазуынша кандидаттарды таңдауда ISU халықаралық төреші санатына ие болуын, расталған біліктілігін және ірі халықаралық жарыстарда жұмыс тәжірибесін басшылыққа алады. Ұлттық Олимпиада комитеттері бұл процессқа әсер ете алмайды және тиісті шешімдер қабылдауға қатыспайды.

Олимпиада ойындарындағы төрешілер тәуелсіз техникалық мамандар ретінде жұмыс істейді, ISU ережелеріне қатаң бағыну арқылы және сыртқы ықпалдан аулақ ортада әрекет етеді. Төрешілердің жұмысы ISU техникалық комитеттері тарапынан бақыланады.

Төрелікке күмән: Парецкаяның бұрынғы дау-дамайы

Парецкаяның төрелігіне қатысты дау-дамай бұған дейін де болған екен. 2022 жылы Рrosports.kz басылымына сұқбат берген Багдана Рахишова есімді спортшының анасы Александра Пак Алматыда өткен V Спартакиадада төрелік ету аса біржақты болып, кей тұстарда ашық түрде кәсіби деңгейге сай болмаған. Және Александра Пак еліміздегі жарыстарда төрешілердің әділ бағаламауы алғашқы рет емес екенін айтқан. Ол өз сөзінде V Спартакиада жарысындағы төрелікті сынға алып, төрешілердің атын атаған. Олардың арасында Александра Пак әділетсіз түрде басқа спортшыны жоғары бағадады деп Надежда Парецкаяның да есімін атады.  

Фото: meteor-almaty.e-orda.kz

Надежда Парецкая кім?

Ашық дереккөзге сүйенсек, Надежда Парецкая - 1984 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны. Профильдік спорт түрі бойынша жалпы 20 жылдық еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының спорт шебері, Жоғары деңгейдегі, жоғары санатты жаттықтырушы, ISU деңгейіндегі халықаралық төреші болып есептеледі.

Ол 15 спортшыны құрама командаларға дайындалған және 17 спортшынысы халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Парецкая 2005 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы мамандығы бойынша оқып бітірген.